35 жылдық тарихы бар «Qyzylorda» телеарнасының алғашқы дикторы кім? Қазір ол қайда жүр? Көптің қызығушылығын туғызған бұл сауалға әріптесім Әкімжан Жолтаев жауап іздеп көрді. Алтын қорды ақтарып, Астанадан оралған тілшіміздің бейнематериалына зер салайық.
1991 жыл, 30 сәуір. Дәл осы күні кешкі сағат 21:15-те Қызылорда облыстық телеарнасы алғаш рет эфирге шықты. Хабар тізгіншілері Асылбек Жамансарив, Айгүл Оразова, Жанәлі Үсенов және Гүлшат Досмағамбетова. Кастингте жүздеген үміткердің арасынан іріктеліп алынған төрт жүргізуші осылайша «алғашқы диктор» ретінде телеарна тарихында қалды.
АЙГҮЛ ОРАЗОВА, «QYZYLORDA» ТЕЛЕАРНАСЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ ДИКТОРЫ
"Хабарландыру жариялады, соны естіп бардым. Ол кезде 23-темін. Қолыма газет берді да оқисың деді. Ол кезде дайындалған студия жоқ. Жарық кәдімгі лапмалар қызып тұрады. Макияж, шаш жөндеу деген жоқ. Қазір әр істі өзінің мамандары дайындайды. Қазір қарап отырсақ журналистер, жүршізушілер бәрі әдемі. Бетіміз қап қара болады, мені көп айтатын қара қыз деп. Бірақ мен қара болған жоқпын... 99 жылдың аяғына дейін жұмыс жасадым облыстық телеарадиокомпаниясында. Жаман болған жоқпыз. Жақсылық аға Бекқожаев, Есенгілді аға Шілдебаев, Гүлайым Жанұзақова, Айткүл Шалғынбаева, Баян Исламбаева сол кісілерден біраз нәрсені үйрендім."
Алғашқы диктор Айгүл Оразова қазіргі күні Астана қаласында тұрады. Отбасын құрып, ұрпақ тәрбиеледі. Ұлды ұяға, қызды қияға қондырып, іргелі әулеттің шамшырағы атанып отыр. Сегіз жылын телевизия саласына арнаған әріптесіміз «Қызылорда облыстық телеарнасы мен үшін ыстық. Әрқашанда төрімде төларна қосулы тұрады, - дейді.
Кезінде бірге қызмет істеп, телеарнадан түлеп ұшқан әріптестердің көпшілігі бүгінде Елорда төрінде. Олар ерке Есілдің жағасында жиі бас қосып, өткенді сағына еске алады.