Жастарға арналған «Көшбасшылар мектебі» жобасына қабылдау басталды. Бастама жас буынның көшбасшылық қабілетін дамытуға бағытталған.

Жобаға 9-10 сынып оқушылары, колледж және жоғары оқу орындарының 1-3 курс студенттері қатыса алады. Үміткерлер арнайы өтінім толтырып, эссе және қысқа селфи-бейне жолдауы тиіс. Іріктеу кезеңі 10-17 сәуір аралығында өтеді. Одан кейін қатысушылар тренингтер мен шеберлік сабақтарында білімін жетілдіріп, маусым айында қорытынды кезеңде сертификат алады.

МЕДЕТ ЖОРАБЕК, ҚАЛАЛЫҚ ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ

"Бұл жоба – жастардың бойындағы қабілетті анықтап қана қоймай, сол әлеуетті жүйелі түрде дамытуға арналған нақты алаң болмақ. Бүгінгі күні жастар арасында жаңа идея ұсынатын, қоғамдық бастамаларға белсенді араласатын, жауапкершілікті сезінетін, командамен жұмыс істей алатын және болашаққа сенімді қадам жасайтын тұлғаларға сұраныс артып келеді. Сондықтан аталған жоба – уақыт талабынан туындаған маңызды бастама деп сеніммен айтуға болады.«Көшбасшылар мектебі» – бұл жастардың көшбасшылық қабілетін дамытуға, азаматтық белсенділігін арттыруға, шешендік, коммуникациялық, құқықтық және қаржылық сауаттылығын жетілдіруге бағытталған бастама."