Қызылордалық IT-стартаптар халықаралық алаңда топ жарды.
Шымкент қаласында өткен Digital Qazaqstan халықаралық форумында ұлттық стартап-батл қорытындысы жарияланып, CortexAI жобасы жүлделі 2-орын иеленді. Осылайша бүйрек трансплантациясынан кейінгі асқыну қаупін болжайтын медициналық жүйені ұсынған қызылордалық өнертапқыштар 5 миллион теңге қаржылай сыйлыққа ие болды.
Жоба медицина саласына бағытталған. Жасанды интеллект бүйрек трансплантациясынан кейінгі асқыну қаупін жоғары дәлдікпен болжайды. Сонымен қатар, халықаралық додада PhishGuard жобасы ұсынылды. Бұл жүйе интернеттегі фишингтік сайттарды анықтап, қолданушыға қауіп деңгейін жедел көрсетеді. Жоба жасанды интеллект негізінде әзірленген. Kyzylorda Hub жетекшісі Жанарыс Түбекбаевтың айтуынша, қызылордалық стартаптардың халықаралық және ұлттық деңгейде жоғары нәтиже көрсетуі – жүйелі жұмыстың жемісі.
ЖАНАРЫС ТҮБЕКБАЕВ - KYZYLORDA HUB ЖЕТЕКШІСІ
"CortexAI туралы айтатын болсақ бұл бүйрек трансплантология саласындағы сол бүйректің ағзаға биімделуін алдын ала болжауға мүмкіндік беретін аналитикалық құрал. Трансплантологияға дайындаған кезде бір шама сараптамаларды алады және бүйрегі ағзаға биімделеді ма беиімделмейді ма деген сұрақ бар.Ол анализ дәрігерлердің біршама уақытын алады орташа есеппен 3сағатқа дейінгі сараптамаларды қажеть етеді. CortexAI жобасы сол сараптамаларды жасанды интелект арқылы 33 секундқа дейін қысқартады. Қазір Астана қаласында 2 клиникада тестілеуден өтіп жатыр. Сонымен қатар Айсана бағдарламасы өзінің жалғасын тауып келеді."
НҰРБОЛ ОҢАЛБЕКОВ - FHISHGUARD ЖОБАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ
"Көптеген алаяқтық сайттарды қазір өзіміз тестілеп жатырмыз.іштей тексеріп те әр түрлі сайттарды фишингтік метоттарды .солардың барлығын алдын алып қазір бір шама нәтижелерді өздігінен шығарып жатыр .енді біз бұл жобаны алдағы уақытта кеңінен таратып бүкіл халыққа қол жетімді қылып және бос орындарға да қолдануға мүмкіншіліктерді беріп мобильдік версияны шығармақшымыз.Және ол версияда кез келген халық ұялы телефондарына өздерінің ноутбуктеріне жазып алып осынша алаяқтық фишингтерден осындай сайттардан өздерін қорғайды деген ойдамыз."