Қызылордада автокөлік заттарын ұрлауды кәсіп еткен әккі ұры ұсталды.

Полицейлер оны ұрлық үстінде құрықтады. Күдікті түн ішінде бөтеннің автокөлігінен аксессуарларды алып жатқан жерінен ұсталған. Ол Шиелі ауданының 19 жастағы тұрғыны болып шықты. Тергеу барысында мұнан да басқа қылмыстарға қатыстылығы анықталды. Осы оқиғаға дейін күдікті тағы 5 автокөлікке заңсыз кіру арқылы магнитофон, дыбыс күшейткіш колонкасы, дөңгелек пен кілттерін қолды еткен. Ең сорақысы, ұрлаған заттарын әлеуметтік желіге жариялап, сатып отырған. Қазіргі таңда күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалып, тергеу әрекеттері жалғасуда.

САХИ КУШЕРОВ – ҚАЛАЛЫҚ ПБ БӨЛІМШЕ БАСТЫҒЫ

//Жедел іздестіру іс-шара нәтижесінде жәбірленушілердің тиісті айғақ дәлелдеме заттары алынды. Күдіктінің қала аумағында орны алған ұрлыққа қатыстығы дәлелденіп, өзге де ұқсас фактілерге қатыстығы тексерілуде.//