Үкімет отырысынан кейін облыс әкімінің жетекшілігімен өткен мәжілісте селекторда көтерілген мәселелер жан-жақты талқыланды.

Қызылорда облысы осы жылдың қаңтар-қыркүйек кезеңінде әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі көрсеткіштері бойынша республикада көш бастады.

  Аймақ басшысы жұмысқа әлі де қарқын қосуды тапсырып, алдағы міндеттерді айқындады. Және бір атап өтерлігі, бюджеттің игерілуі бойынша да алдыңғы қатардамыз.

 Осы оң көрсеткішті сақтап тұру үшін үздіксіз жұмыстар жүргізілуі тиіс. «Жыл соңына дейін барлық макрокөрсеткіш бойынша өсімге қол жеткізу керек», – деді жиынды қорытындылаған Нұрлыбек Нәлібаев.