Қызылорда облысында биыл заңсыз айналымнан 1,3 тоннадан астам есірткі тәркіленді. Өңірде жыл басынан бері 107 есірткі қылмысы анықталса, жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде екі есірткі зертханасы мен меф және синтетикалық есірткіні аса ірі мөлшерде тасымалдаудың төрт дерегі белгілі болған.

 Аса ірі мөлшерде есірткі тасымалдаған Қызылорда, Ақмола және Ақтөбе облыстарының тұрғындары құрықталды. Сондай-ақ есірткі жарнамасы бар 50-ден астам граффити-жазулар жойылған. Әлеуметтік желіде мониторинг жүргізу барысында «Киберқадағалау» ақпараттық жүйесіне синтетикалық есірткіні жарнамалайтын 141 сайт енгізіліп, бұғатталды.

АРДАҚ ДУНЕНОВ – ОПД ЕСІРТКІ ҚЫЛМЫСЫНА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ

 Заңсыз айналымнан алынған 1 тонна 346 килограмм 422 грамм есірткі заттарының ішінде 48,9 килограмм марихуана, 324,9 грамм синтетикалық есірткі, 1 килограмм 013 грамм гашиш тәркіленді. Және екі фито зертхана анықталды.