Кеден саласы бойынша облыстың сыртқы тауар айналымы 162 пайызға жетті. Оның ішінде экспортқа шығарылған тауар айналымы 161 пайызды құраса, импорт 165 пайыз болып өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда айтарлықтай өскен.

Импортталған негізгі тауарлар тізімін мұнай саласының құрал-жабдықтары, автобөлшектер құраса, экспорттық тауарлар қатарына мұнай, шикі мұнай мен уран, күріш және балық өнімдері кіреді.

 ЕРКІН ЕЛШІБЕКОВ – ОБЛЫСТЫҚ МКД БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

 Бюджеттің орындалуы бойынша қысқаша тоқталып өтсек: Республикалық бюджет жоспары 101% орындалып, 1,6 млрд.тг артығымен өндірілсе, түсімнің өсу қарқыны 132% құрап, өткен жылдан түсім 34,0 млрд.тг артты. Жергілікті бюджет жоспары 107% орындалып, 7,3 млрд.тг артығымен өндірілсе түсімнің өсу қарқыны 150% жетіп, өткен жылдан түсім 39,0 млрд.тг артты. Департамент тарапынан жүргізілген салықтық және кедендік әкімшілендіру нәтижесімен а.ж. МБ 14,6 млрд.тг қосымша резервтер өндірілді, өткен жылдың 9 айында 13,3 млрд.тг. өндірілген болатын.