Баймұрат батыр ауылында Сыр перзенті Ринат Ілиясовты еске алу кеші өтті. Іс-шара аясында мектеп мұражайында ескерткіш тақта ашылып, арда азаматтың қолданған бұйымдары мен марапаттары көпшілік назарына ұсынылды.

Жастайынан білім мен ғылымға деген құштарлығы Ринат Ілиясовты химия ғылымдарының кандидаты дәрежесіне дейін көтерді. Білім жолындағы ізденісі оны әрқашан жігерлендіріп, елінің бір кірпіші болып қалануына септігін тигізді. Арда азамат әкесі Нағи Ілиясовтан үлгі алып, туған жерін көркейтуге бар күшін сарп етті. Тарих қойнауының тасасында қалған Баймұрат батырдың даңқты істерін дәріптеу жолында аянбады. Арнайы экспедиция жасақтап, батырдың жатқан жерін тауып, ескерткіш орнатты. Баба рухына деген өлшеусіз еңбегінің арқасында қала іргесіндегі «МИС» деп аталатын ауылдық елді мекенге «Баймұрат батыр» атауын беруге мұрындық болған.

ТЕМІРБЕК ҚАЗЫМБЕКОВ – ЗАМАНДАСЫ

Ринатты еске алу кеші болып отыр. 218 мектепте Ринатқа арналған тақта орнаттық. Мәдениет үйіне келіп іс-шара өткізіп жатырмыз. Баймұрат ауылына үлкен еңбегі сіңді. Демеушілік көрсетіп келді, «Мәдениет үйін» салуға да ат салысты. Аулымызда амбулатория жоқ еді, оны да салуға ат салысты. Енді алға ойлаған жұмыстары көп еді, бірақ Алланың қолында ертерек алып кетті.

 ӘЙГЕРІМ ІЛИЯСОВА – ҚЫЗЫ

Менің әкем үш баласын өсіртіп, жеткізіп отыр. Бізге әрдайым адамгершіліктен айрылмай, әрдайым оқып, өмірдегі ең қажетті философиялық заттардың бәрін бізге өнеге етіп, сөйтіп өсірді. Мұражай ашып, балаларға өнеге етіп, артынан жалғастырған адамдарға алғысымды айтамын, балаларға өнеге болсын, оларда тәлім-тәрбие алып өссін.