Ертең облыс орталығында қазақ күресінен Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының жүлдесіне арналған «Ұлттық қауіпсіздік барысы» республикалық турнирі өтеді. Балуандар бәсекесіне мемлекеттік органдар мен күштік құрылымдардан 9 команда қатысады.

«Ұлттық қауіпсіздік барысы» турнирі елімізде алғаш рет өткізілгелі отыр. Жарысқа Ұлттық қауіпсіздік комитеті, шекара қызметі, мемлекеттік күзет командасы және ішкі істер, төтенше жағдайлар министрлігінен елуге жуық спортшы қатысады. Әр командадан бес адамнан белдеседі. Командалық сайыстан кейін түйе балуандар бәсекесі болады. Ауыр салмақтағы спортшылар арасында «Ұлттық қауіпсіздік барысы» деген атақ беріледі. Жарыс ертең азанғы сағат сегізде Евразия спорт кешенінде болады.

АРМАН КЕНЖЕБАЕВ, ҰЛТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК КОМАНДАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ

Осы салада қызмет істеп жүргеніне бір жылдан аз емес спортшылар қатысады. Өзіміздің ұлттық спортты дамыту мақсатында ұйымдастырылып отырған шара.