Спорт әлемінен ақжолтай ақпар. Кипрдің Ларнака қаласында өткен самбодан Әлем чемпионатында жерлестеріміздің қанжығасы майланды. Әлемнің 33 елінен 600-ге тарта спортшы қатысқан байрақты бәсекеде қызылордалықтар алтын, 1 күміс, 1 қола медаль жеңіп алды.

 Атап айтқанда, 59 келіде күрескен Зарина Мұрадасыл қола жүлде үшін таласта неміс қызын жеңіп, жүлделі болды. Кіші жасөспірімдер арасында 53 келіде Сағындық Оңталап ақтық айқаста ресей палуанына есе жіберіп, күмісті олжалады. Ал, 53 келі салмақта финалда өзбек спортшысын жеңген Нұржан Тумырзаев алтыннан алқа тағынып, қатарынан екінші рет Әлем чемпионы атанды. Осылайша, жасөспірім соңғы екі жылда екі рет Әлем біріншілігінде, екі мәрте Азия чемпионатында топ жарып отыр. Жалпы ұлттық құрама сапында сырбойылық 5 спортшы болса, соның үшеуі жүлдемен оралды.

ДАРХАН СЕРЖАНОВ – САМБОДАН ҰЛТТЫҚ ҚҰРАМАНЫҢ АҒА ЖАТТЫҚТЫРУШЫСЫ

Үлкен жақсы дода болды. Осындай жетістікпен елге оралып отырмыз, облысымызға. Спортшылардың дайындығы жақсы болды. Үмітті ақтады спортшылар. Биылдыққа 3 оқу-жаттығу жиыны болды Азия чемпионатынан кейін. Азия чемпионатының алдында тағы бір сбор болды.

НҰРЖАН ТУМЫРЗАЕВ – САМБОДАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ

Әлем чемпионатында 4 кездесу өткіздім. Бірінші кездесуім Греция палуанымен болды. 8 де 0 есебімен уақытынан бұрын жеңіске жеттім. Одан кейін украиндық Еуропа чемпионымен күрестім. Жабық финалда әзірбайжанмен болды. Ол да Еуропаның чемпионы. Финал өзбекпен болды. Онымен былтыр өзіміздің елімізде өткен Азия чемпионатының финалында күрескенмін. Осы жолы да 9 да 0 есебімен жеңіске жеттім. Бұл биылғы жылдың қорытынды жарысы, бір жылдық еңбегіміз ақталды.