«AMANAT» партиясы облыстық филиалының төрағасы Алмасбек Есмаханов журналистерге арнап баспасөз мәслихатын өткізді. Жиында партияның сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыруға бағытталған Жол картасының орындалу барысы талқыланып, 9 айда атқарылған жұмыстар баяндалды.

2023-2027 жылдарға арналған Жол картасының негізгі мақсаты – халықтың әл-ауқатын жақсартып, тұрмыс деңгейін көтеру. Аймақта осы бағыттта «Аманат» партиясы облыстық филиалының бастамасымен бірқатар жұмыстар атқарылуда. Атап айтар болсақ, биылғы жылдың 9 айында облыс орталығымен қатар шалғайдағы елді мекендерде мобильді қабылдаулар жүргізіліп, тұрғындар тарапынан 4 880 өтініш түсті. Бұл көрсеткіш былтырғы жылмен салыстырғанда екі есеге көп. Десек те бүгінде оның 72 пайызы оң шешімін тауып, кейбір мәселелер бойынша заңға сәйкес түсіндірме жұмыстары жасалды. Қабылдаулар барысында азаматтарды толғандырған мәселелер бойынша ашық есік күндері өткізіліп, «Құқықтық көмек», «Табысқа апарар жол» секілді жобалар да жүзеге асырылуда. Атқарылған жұмыстар оң нәтижесін көрсетіп жатыр дейді партия төрағасы.

АЛМАСБЕК ЕСМАХАНОВ - «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ «Халық бізге келмейді, біз халыққа барып тікелей қабылдаулар өткіземіз. Бұл өзінің нәтижесін береді. Өткен жылдың мамыр айынан бастап, «Құқықтық көмек» жобасы аясында біз заңгер, адвокаттарды осы партияның алыңында көшпелі түрде барып, тегін кеңестер өткізіп жатырмыз. 2023 жылы облыс бойынша барлығы 134 қабылдау өткізіліп, 367 мәселе қаралды. 244 тұрғынға құқықтық кеңес берілді. Ал 2024 жылдың есептік кезеңінде 103 қабылдауда 241 мәселе қаралды. 01:03- Мұнан бөлек «Табысчқа апарар жол» жобасы аясында облыс бойынша 9 қабылдау ұйымдастырылып, 25 тұрғынның өтініші қаралды. 10 азаматтың жұмысқа тұруына көмек көрсетілді».

Айта кету керек, партияның «Ауыл аманаты» жобасы бойынша биыл 128 кәсіпке 859 миллион теңге қаржы бөлінген. Ал, «Жер аманаты» жобасы бойынша былтыр облыста көлемі 225,4 мың гектар жер учаскесі мемлекет меншігіне берілсе, жыл басынан бері игерілмей жатқан 64 мың гектар жер кері қайтарылған.