«Қызыл кітапқа» енген сұңқарларды аулаған. Полиция департаменті, «Охотзоопром» инспекторлары және прокуратураның үйлестіруімен өткізілген жедел іс-шара барысында тұрғынның заңсыз әрекеті әшкере болды.

Алдын ала белгілі болғандай, күдікті «Қызыл кітапқа» енген сұңқарларды шетелге сату мақсатында аулаған. Тұрғынның үйіне тінту жүргізу барысында сұнқар тектес 2 құс алынып, құстар Шымкент зоологиялық саябағына тапсырылды. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде.