Сырттан әкелінген көліктердің конструкциялық қауіпсіздігі туралы куәлік алу қиындайды. Сауда және интеграция министрлігі бұл құжатты алу тәртібіне өзгерістер енгізді.


Енді үш жағдайда мұндай куәліктің күші жойылуы мүмкін. Алғашқысы көлік иесінің өтініші бойынша болса, екіншіден автомобильдің конструкциялық сипаттамасы талапқа сай болмаған жағдайда, құжат алуға рұқсат берілмейді. Соңғысы тексеруден өткізетін зертхананың жұмысы талаптарға сай келмейтіні анықталса, көліктерді басқа жерден қайта тексеру қажет болады. Бұл өзгерістер шет елдерден әкелінетін көліктердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және жүйенің ашықтығын арттыруға бағытталған.