Мемлекет және қоғам қайраткері Ғафур Мұхамеджановтың 100 жылдығына орай Шиелі ауданында ғылыми конференция өтті.

 Еңбек жолын ұстаздықтан бастаған қайраткер туған жері Жаңақорғанмен қоса Шиелінің де өсіп-өркендеуіне үлес қосқан. Мәселен, 1964 жылы Шиелі аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы болып сайланып, сол кезеңде ауданда қордаланған проблемаларды шешуге ықпал еткен. Ғафур Мұхаммеджановтың еселі еңбегі, сатылап өскен қызметі ел жадынан өшкен жоқ.

 АЙТБАЙ ЖАНДАРБЕКОВ - АУДАН ӘКІМІ

 «Ғафур Мұхаммеджанұлы өзіне сеніп тапсырылған қай қызметте де шыдамдылықпен, бастамашылдықпен, жауапкершілікпен, ерекшеленген тұлға. Ел игілігі үшін еткен еңбегі бүгінгі ұрпаққа үлгі. Жерді еңбекті сүю арқылы, жүктелген жауапкершілікке адаол болуды, келер буынның санасына сіңіре жүріп, елімізді өркндету жолында жасампаз істерімен өз қолтаңбасын қалдыра білді.

 ДАНА ҚАЛТАЕВА - ОБЛЫСТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІНІҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ «Аудандық партия комитеттерін атқарып отырғандағы Жаңақорған, Шиелі аудандық комитеттерінде қызмет атқарған уақыттарындағы мынау жаңа кеншарлардың пайда болғандығы туралы баяндамаларында сыр шертеді. Және каналдардың, су жүйелеріндегі, сыр күрішінің әлемге танылуына үлкен үлес қосқан қоғам қайраткері, ел азаматы ретінде біз мақтан етеміз».

 Ғафур Мұхамеджановтың үлгі-өнегесін көріп өскен ұрпақтары тебірене еске алады.

 АЙЫМЖАН ІЗТАЕВА – Ғ. МҰХАМЕДЖАНОВТЫҢ НЕМЕРЕСІ

 «менің атам маған оқы, оқы деді. Сондықтан мен кішкентай болғаннан кітап оқып, үздік оқыдым, енді сол атамның атын жалғастырып, Америкаға бардым, Англияға бардым. Оның себебі атам маған айтқан оқы деп. Соны тыңдап өстім».

 Бүгінде Шиелі ауданындағы №270 қазақ орта мектебіне Ғафур Мұхамеджановтың есімі берілген. Айшықты шара аталған білім ұясында өтті. Арда азаматтың 100 жылдығы қарсаңында мектеп оқушылары арасында эссе жазу байқауы ұйымдастырылып, онференция барысында жас қаламгерлерге жүлделі сыйлықтар табысталды.

 ӘЛИЯ МҰХАМЕДЖАНОВА – Ғ. МҰХАМЕДЖАНОВТЫҢ ҚЫЗЫ

 «біз Ғ. Мұхамеджановтың ісін қалай жалғастырамыз? Деген тақырыпқа жаздырдық. Балаларға бұл үлгі болсын. Неге бұл мектептің аты осы кісге берілген? Неге басқа кісге берілмеген? Сұраққа жауап іздесін деп осындай байқау өткіздік. Өте ризамыз. Балалардың жзған эсселері керемет болып шықты».

 АҚТІЛЕК БАҚТИЯР – ОҚУШЫ

«Мен бұл кісі туралы интернеттен, кітаптардан зерттеп жаздым. Осы сәтті пайдаланып Ғ. Мұхамеджанов атамыздың барлық балаларына үлкен алғыс айтқым келеді. осындай Кісінің атына берілген мектепте оқуым үлкен бақыт».

 Ғылыми-конференцияда Ғафур Мұхамеджанұлының тәлімін алған ізбасарлары сөз алып, қабырғалы қайраткер жайында жылы естеліктерімен бөлісті.