Мұнайдың ілеспе газы кәдеге асырылады. «KAZPETROL GROUP» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Petrolem GAZ Kerui компаниясымен келісім шартқа қол қойды. Қытайлық компания өңіріміздегі кен орнына блок-модульдік басқару станцисы бар компрессорды жеткізіп бермек.

Яғни, жаңа технология мұнайды өндіру кезінде ілеспе газды кәдеге жаратуға септігін тигізбек. Бұл Энергетика министрлігі мен жер қойнауын пайдаланушы компаниялар арасында жасалған меморандум шеңберінде жүзеге асып отыр.

ЕРЖАН ТАЗАБЕКОВ – «KAZPETROL GROUP» ЖШС БАС ДИРЕКТОРЫ //Эмиссия бар, экология бар. біз соған қатты қараймыз. Қалдықты аз шығару, газды сақтап. Мұнай және газ ресурстарымызды тиімді болып, жұмыс жасап жатырмыз.