Негізгі Жаңалықтар Жас құтқарушылар ант берді

Жас құтқарушылар ант берді

#qyzylordatv 

Бүгін – Құтқарушылар күні. 1995 жылы құрылған арнайы қызмет бүгінге дейін мыңдаған адамды аман алып қалды. Қазір азаматтық қорғау органдарында 27 мыңнан астам қызметкер жұмыс істейді. Жыл басынан бері 8 мың тұрғынды құтқарған. Тағы 9 мың адамды қауіпті аймақтардан шығарды. Мерейлі мерекеде қызылордалық құтқарушылар салтанатты түрде ант тапсырып, қызметке кірісті. Шара барысында қызметтік міндеттерін атқаруда ерекше көзге түскен қызметкерлерге марапаттар табыс етілді.


Жас құтқарушылар үшін ант қабылдау рәсімі кәсіби қызметтегі алғашқы қадам. Олар Қазақстанның Конституциясы мен заңдарын сақтауға, қызметтік міндеттерін адал атқаруға, азаматтардың өмірі мен қауіпсіздігін сақтауға ант береді. Енді олар кәсіби дағдыларды ғана емес, сонымен бірге табандылық пен тәртіп серік етіп, ең қиын жағдайларда әрекет етуге дайын болмақ.  


 Сондай-ақ шара барысында жеке құрамның қысқы жұмысқа дайындығы қаралды. Қызметкерлерді маусымдық киіммен қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлінді. Ведомствоның мәліметінше, барлық құтқарушылар қысқы киіммен қамтамасыз етілген. Салтанатты шарада тәжірибелі қызметкерлерге Төтенше жағдайлар министрлігінің алғыс хаттын табыс етілді.

Бөлісу