Алты адам өрттен құтқарылды
#qyzylordatv
Қызылордада өртеніп жатқан бес қабатты үйден алты адам құтқарылды, оның төртеуі бала. Өрт оқиғасы 15 қазан күні кешке Жаппасбай батыр көшесіндегі төртінші қабаттағы пәтерден шыққан. Аумағы 20 шаршы метрді құраған қызыл жалыннан зардап шеккендер жоқ.
Өрт оқиғасы жайында хабарлама кезекші бөлімге сағат 21:14 шамасында түскен. Төтенше жағдайлар қызметі жеткенше жалын пәтерлердің бірінің қонақ бөлмесіндегі тұрмыстық заттарды шарпыған. Өрт сөндірушілер алдымен тұрғындарды құтқаруға кірісті. Алты адам, оның ішінде төрт бала ғимараттан баспалдақ торлары арқылы құтқарылды. Өрт толығымен сөндіріліп, шығу себебі анықталуда.