Негізгі Жаңалықтар Азияның ақылдасу алаңы

Азияның ақылдасу алаңы

#qyzylordatv 

Қазақстан Президенті Азиядағы қақтығыстардың алдын алу үшін арнайы дипломатиялық тетік құруды ұсынды. Қасым-Жомарт Тоқаев бұл бастаманы Бакуде өткен Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің жетінші саммитінде көтерді. Мемлекет басшысы жасанды интеллектіні ынтымақтастықтың алтыншы бағыты ретінде қосуды, ортақ көлік стратегиясын әзірлеуді және су ресурстары саласындағы серіктестікті кеңейтуді ұсынды. Сондай-ақ халықаралық қауіпсіздік жүйесінің әлсіреп бара жатқанын айтып, Азия елдерін нақты әрекетке шақырды. Саммиттің негізгі нәтижелері мен Қазақстанның жаңа бастамалары туралы тілші баяндайды.

Бөлісу