Сұңқар Қанибек каратэ-додан әлем чемпионы атанды
#qyzylordatv
Сыр спортынан ақжолтай ақпар. Сұңқар Қанибек каратэ-додан әлем чемпионы атанды. Жаһан біріншілігі Польшаның Бельско-Бяла қаласында жасөспірімдер мен жастар арасында өтті.
Жасөспірімдер санатында 76 келі салмақта сынға түскен спортшы ақтық айқаста шотландиялық Каллен Бродимен шеберлік байқасты. Тартысты өткен финалдық бәсекеде Сұңқар Қанибек қарсыласын 4:0 есебімен тізе бүктіріп, айқын басымдықпен жеңді. Айта кетейік, алтын жүлдегер Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің 1-курс студенті. Оқу ордасының ұжымы да шәкірттерін айтулы жеңісімен құттықтады.