Ана мен бала құқығын қорғау бағытында өңірде кешенді шаралар жүргізілмек. Осы мақсатта қадағалаушы орган мен аймақтағы ардагерлер және әйелдер кеңесі үш жақты меморандумға қол қойып, бірлесіп жұмыс істеуге уағдаласты.

Аймақта отбасылық жанжал көбейген. Былтыр мұндай 3 мың дерек тіркелген. Көрсеткіш 2022 жылмен салыстырғанда 59 пайызға ұлғайған. Шаңырақ шырқын бұзғандар әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Енді тұрмыстық зорлық-зомбылыққа тоқтам салу үшін прокуратура аймақтағы ардагерлер мен әйелдер кеңесі бірлесіп жұмыс атқармақ.

БАУЫРЖАН ТОҚМЫРЗА – ОБЛЫСТЫҚ ПРОКУРАТУРАНЫҢ БАСҚАРМА БАСТЫҒЫ / Меморандумның негізгі мақсаты отбасылық тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу шараларын күшейту. Әйелдер мен балалардың қауіпсіздігі мен қорғау шараларының тиімділігін арттыруға бағытталады.

РАЙКҮЛ БАЙНАЗАРОВА – ОБЛЫСТЫҚ ӘЙЕЛДЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАЙЫМЫ "Ішімдік, жұмыссыздық деген нәселер ер адамдарымыздың отбасына, өзінің әйеліне деген сыйластықпен қарауды жоққа шығарып жатыр. Отбасында болып жатқан жанжалға қалай болса солай қарамай туысқан болып, көрші болып, үлкен болып өз сөзімізді айтуымыз керек. Ықпалымызды сол отбасының жақсы өсіп кетуіне ықпалымызды жасауымыз керек.

Ардагерлер мен әйелдер кеңесі бұл бастама заң үстемдігін орнатып, отбасы беріктігін нығайтуға сеп болдады дейді. Меморандум аясында қолайсыз отбасылар анықталып, құқықтық кеңестер берілмек.