Сыр спортынан сүйінші жаңалық. Мажарстанда өткен кикбоксингтен Әлем чемпионатында жерлестеріміз екі медаль жеңіп алды. 45 келіде Данияр Қалдыбай алтыннан алқа тағып, чемпион атанса, 60 келі салмақта Аслан Болатов қола жүлдегер атанды.

Бүгін таңда спортшыларды Сыр жұртшылығы темір жол торабынан думандатып күтіп алды. Жалпы, Будапешт қаласында болған бәсекеге Қызылордадан қос спортшы аттанған болатын. Екеуі де қаладағы №1 олимпиадалық резервтің мамандандырылған мектебінде жаттығады. Әлем біріншілігінде Данияр Қалдыбай кадеттер арасында К1 бөлімі бойынша сайысқа түссе, Аслан жастардың жекпе-жегіне қатысты. Енді екі спортшы да алдағы Азия біріншілігіне дайындалады.