Негізгі Жаңалықтар Автокөлік жанып кетті

Автокөлік жанып кетті

#qyzylordatv 

Қалада газ баллон қондырғысымен жабдықталған жеңіл автокөлік түгі қалмай жанып кетті. Абырой болғанда, адамдар зардап шеккен жоқ.

Оқиға 30 қыркүйек күні кешкі уақытта Сағымбаев пен Жанин көшелерінің қиылысында орын алған. Видеодан көргендей, автокөлік толығымен өртеніп кетті. Төтеншеліктерге «Audi 100» көлігінің жанып жатқаны туралы хабарлама сағат 22:59-да келіп түскен. Өрт сөндірушілер жедел әрекет етіп, 11 минут ішінде өртті оқшаулап, 4 минутта жалынды толықтай сөндірген. Енді өрттің шығу себептері анықталып жатыр.

Бөлісу