Негізгі Жаңалықтар Қарттарын қадірлеген ел ардақты

Қарттарын қадірлеген ел ардақты

#qyzylordatv 

Халықаралық қарттар күніне орай Жалағаш ауданында салтанатты жиын болды. Мерекелік шарада аудан әкімі Ерлан Төрәлиев өңірдің дамуына сүбелі үлес қосқан ардагерлерге алғысын айтып, құрмет көрсетті. 

Қарттарды қадірлеу, үлкенді сыйлау – қазақы қалпымыз бен салтымыздың ең озығы десек артық айтқандық емес. Бүгінде Жалағаш ауданында 4 мыңға жуық ардагер бар. Салтанатты шарада аудан әкімі Ерлан Төрәлиев аға буын өкілдерін мерекемен құттықтап, олардың ел дамуына сіңірген еңбегіне ризашылығын білдірді. Сондай-ақ, данагөй қарттарымыздың ақыл-кеңесі мен пайым-парасаты – ел бірлігі мен берекесін сақтаудағы ең басты құндылық екенін ерекше атап өтті.


Аға буынның әрбір ғибратты сөзі кейінгі ұрпақ үшін таусылмас қазына, елдіктің берік тірегі. Осынау айтулы сәтте бір топ еңбек ардагеріне «Жалағаш ауданының дамуына қосқан үлесі үшін» медалі салтанатты түрде табыстады. Сонымен қатар, ардақты зейнеткерлерге облыс және аудан басшыларының ыстық ықыласы мен құттықтаулары жеткізіліп, құрмет-қошемет көрсетілді.

Мерекелік шара барысында қариялар өскелең ұрпақтың өнерін тамашалады. Аудан өнерпаздары көпті көрген жандарды мерекесінде рухани серпілтіп, керемет көңіл күй сыйлады. 

Бөлісу