Негізгі Жаңалықтар Тұрғындар мәселе көтерген ашық алаң

Тұрғындар мәселе көтерген ашық алаң

#qyzylordatv 

Облыс орталығында мемлекеттік қызмет істері департаментінің бастамасымен тұрғындардың өзекті мәселелерін шешуге арналған ашық есік күні ұйымдастырылды. «Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясында өткен жиында денсаулық сақтау мен еңбек және халықты әлеуметтік қорғай салаларының мамандары жұртшылыққа кеңес берді. 



 Мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін арттыру мақсатында департамент тарапынан кешенді жоспар әзірленген. Аталмыш ашық есік күні осы бастама аясында ұйымдастырылып отыр. Еркін форматтағы жиында тұрғындар толғандырған мәселелерін сала мамандарына ашық айтуға мүмкіндік алды. Нәтижесінде 60-қа жуық азамат медициналық көмек сапасынан жетілдіруден бастап, әлеуметтік төлемдер мен жәрдемақыларды тағайындау, мүгедектікті рәсімдеу, тұрақты жұмысқа орналасу секілді сан салалы сауалға жауап алды. Айта кетейік, мұндай ашық алаң халықтың арыз-шағымы ескеріліп, әр тоқсан сайын тұрақты түрде өтеді. 


НҰРЖАН СҮЛЕЙМЕНОВ – ОБЛЫС БОЙЫНША МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ Бүгінгі шараға халықтың сұранысына ие сала мамандарын шақырып отырмыз. Атап айтқанда, денсаулық сақтау және әлеуметтік салалар. Бұл жерде сала мамандарына тікелей сұрақ қойып, жауап алуға болады. Бұл шарамыз жалғасын табады, яғни, әр тоқсан сайын өтеді. Бізде тексерулер болады, бақылау шаралары ұйымдастырылады, шағымдар түседі. Соған сәйкес, ашық есік күндері өтеді


Бөлісу