Негізгі Жаңалықтар Аймақ басшысының жұмыс сапары

Аймақ басшысының жұмыс сапары

#qyzylordatv 

Шиелі ауданында қуаттылығы 20 МВт болатын күн-электр станциясы іске қосылды. Басты ерекшелігі бұл энергия жинау жүйесі бар еліміздегі алғашқы күн электр станциясы. Жаңа жоба президенттің заманауи өндіріс орындарын ашу тапсырмасына сәйкес жүзеге асып отыр. Ауданға жұмыс сапарымен барған облыс әкімі тұрғындармен жүздесіп, бірнеше әлеуметтік нысанды аралады.


 Аймақ басшысы алдымен Бәйгеқұм ауылында жаңадан пайдалануға берілген учаскелік полиция пунктінің жұмысымен танысты. Нысанды «Сәт-Сервис» серіктестігі демеушілік қаражат есебінен салған. 22 млн теңге қаржы жұмсалған полиция пункті қыркүйек айында пайдалануға берілген. Екі мыңнан астам тұрғыны бар ауылда жаз мезгілінде келушілер саны артады. Ғимараттың ашылуы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, құқықбұзушылықтың алдын алуға мүмкіндік береді. Ауыл тұрғындарымен жүздескен облыс әкімі аймақта атқарылған жаңа жобалармен таныстырды. Мұнан соң қайта жаңғыртудан өткен Еңбекші ауылындағы жол құрылысын көрді. 4,3 шақырым жол елді мекен мен күре жолды байланыстырады. Жобаны «Гежуба Шиелі Цемент» серіктестігі 1,2 млрд теңгеге қаржыландырған.


Бөлісу