Негізгі Жаңалықтар Үш буын өкілдері сайысқа түсті

Үш буын өкілдері сайысқа түсті

#qyzylordatv 

«Сыр сақасы». Облыс орталығында осындай атаумен қарттар күніне орай асық ату сайысы өтті. «Әділет» партиясы мұрындық болған додада қазыналы қариялармен бірге орта буын және жасөспірімдер бірігіп, сайысқа түсті. 

Яғни, әр топта әке, бала, немере арасында берік байланыс бекіген. Осылайша үш буын өкілдері бір командаға бірігіп, асық атудан бақ сынады. Шараға барлығы 6 топ қатысты. Олар бірнеше кезең бойы мергендіктерін байқатып, ұлттық ойынның көрігін қыздырды. Айта кетейік бұл сайыс «Әділет» партиясының «Үш ұрпақ – ортақ мұрат» тұжырымдамасы аясында ұйымдастырылып отыр. Тартысты өткен дода жеңімпаздары бағалы сыйлықтарға ие болды. 

Бөлісу