Қорқыт ата университеті үздік жоғары оқу орындарының қатарына енді
#qyzylordatv
Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті халықаралық және ұлттық рейтингте көш ілгері келеді. Сондай-ақ, елдегі үздік жоғары оқу орындарының қатарына енді.
Университетте 12 мыңға жуық білім алушы бар. Оның 49 пайызы мемлекеттік грант иегерлері. Қара шаңырақта биыл 147 білім беру бағдарламасы бойынша мамандар оқытылуда. Оқу ордасының даму стратегиясы сан салалы. Заман сұранысына сай шет елдік жетекші оқу орындарымен байланысқа басымдық беріп отыр. Мәселен, Оңтүстік Корея, Беларусь және Өзбекстан университеттерімен бірлескен және 4 қос дипломды білім беру бағдарламасы іске асуда.
УӘЛИХАН ИБРАЕВ - ҚОРҚЫТ АТА АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ ТӘРБИЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖӨНІНДЕГІ ПРОРЕКТОРЫ
Ұлттық деңгейдегі нәтижелер де тұрақты өсім бар. Академиялық Рейтингтерді Тәуелсіз бағалау Агенттігінің ұлттық сұраныс рейтингінде университет 7-орынға ие болды. Қазақстан жоғары оқу орындарының бас рейтингінде ТОП-10 құрамына ендік. Білім беру сапасына келсек, 2026–2027 оқу жылында университет контингенті 11 442 білім алушыға жетті. Қазіргі таңда университетте 147 білім беру бағдарламасы жүзеге асырылады. Оның ішінде 29 білім беру бағдарламасы Қазақстан бойынша үздік үштікке енсе, 11 білім беру бағдарламасы «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының рейтингі бойынша ТОП-10 қатарында.
Студенттер тек білім мен ғылымда ғана емес, спортта да топ жарып жүр. Университетте әлем және Азия чемпионаттарының жүлдегерлері мен жеңімпаздары білім алуда. Сондай-ақ жас ғалымдарды қолдауға ерекше көңіл бөлініп, соңғы бес жылда 53 ғалымның жобасы қаржылай қолдау тапты. Университет алдағы уақытта да ғылым мен өндірісті ұштастырып, халықаралық ынтымақтастықты кеңейте түспек.