Негізгі Жаңалықтар Экономикалық құқық бұзушылықтармен күрес күшейді

Экономикалық құқық бұзушылықтармен күрес күшейді

#qyzylordatv 

Өңірде экономикалық құқық бұзушылықтарға қарсы күрес күшейді. Әсіресе, мемлекет қаржысын талан-таражға салғандар жиі тұтылып жатыр. Биыл ортақ қазынаға қол салған 15 азамат тергеліп, соның жетеуінің ісі сотқа жолданды. Бұл туралы облыс бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті басшысының орынбасары Руслан Сатыбалдиев хабарлады. 


 Жалпы, жыл басынан бері департамент мамандары 41 қылмыстық іс бойынша тергеу жүргізген. Соның нәтижесінде 848 миллион теңге кері қайтарылды. Бұл қаражаттың көбі мемлекет қаржысын жымқыру деректері бойынша өндіріліп отыр. Сонымен қатар, 2 қаржы пирамидасының жолы кесіліп, күдіктілердің автокөліктері мен қомақты криптоактивтері тәркіленді. Ал заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру дерегі бойынша да 2 қылмыстық топтың жолы кесілген.   


 РУСЛАН САТЫБАЛДИЕВ – ОБЛЫС БОЙЫНША ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕРГЕП-ТЕКСЕРУ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ Жалпы департамент көлеңкелі экономикаға қарсы күрес іс-қимылдарына ерекше назар аударуда. Атап айтқанда, биыл Шиелі ауданында бағалы металдарды заңсыз өндіру дерегі анықталып, аталған факт бойынша қылмыстық іс тіркелді. Тінту барысында құрамында алтыны бар 500 грамнан астам шикізат, 2 арнайы техника, 12 металл іздегіш және 6 автокөлік тәркіленді. Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде


Бөлісу