Жүгері де, соя да бітік шықты
#qyzylordatv
Баптасаң Жер-ана бәрін беред. Оның айқын мысалын Қармақшы ауданындағы «Ақтөбе және К» шаруашылығынан көруге болады. «Нартәуекел» деп биыл бірінші рет жүгері де екті, соя да екті, күнбағыс та екті. Бәрі бітік шықты. Енді келер аптада оның бәрі орылып, қамбаға түсед. Айта кету керек, аталған дақылдың бәрі суды аз қажет ететін өсімдіктер. Қырманы қызып жатқан шаруашылықтан оралған әріптесім айтып берсін егінжайдың жайын.