Негізгі Жаңалықтар Эпидмаусымға дайындық

Эпидмаусымға дайындық

#qyzylordatv 

Аймағымызда эпидемияға қарсы кешенді іс-шаралар жоспары бекітіліп, медициналық ұйымдар толық дайындыққа көшті. Эпидемиялық маусым қарсаңында өңірдегі барлық медициналық және білім беру ұйымдары қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз етіліп, қатаң бақылауға алынды


 1-қазаннан бастап қауіпті топтағы азаматтарды тұмауға қарсы вакцинациялау жұмыстары басталды. Бұл мақсатта жергілікті бюджет есебінен 85 007 доза вакцина сатып алынды. Дегенмен, тұрғындардың денсаулығы мен қауіпсіздігі көбінесе әр азаматтың өз жауапкершілігіне тікелей байланысты: санитарлық талаптарды сақтап, дер кезінде екпе алу жұқпалы аурулардың таралуын тоқтатудың ең басты кепілі, дейді мамандар.


МАЯ МИРЗАНОВА – ОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ  

Облыс бойынша емдеу-сауықтыру мекемелерінде 425 төсек орны дайындалды. Оның ішінде облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында 200 төсек және аудандарда 225 төсек қарастырылған. Қажетті дәрі-дәрмектер мен қорғаныш құралдарының резерві толық жасақталды. Атап айтқанда, вирусқа қарсы препараттар, дезинфекциялық заттар мен бір реттік маскалар жеткілікті көлемде бар. 


 Өз кезегінде облыстың санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әлия Әбдіқайымова күзгі-қысқы маусымдағы санитариялық талаптар мен шектеу шараларына тоқталды.


Бөлісу