Сырдария ауданында мемлекет және қоғам қайраткері Елеу Көшербаевты еске алуға арналған волейболдан халықаралық турнир басталды. Осымен 25-ші рет жалауын көтерген дәстүрлі додаға елімізбен қатар көршілес Өзбекстан мемлекетінен спортшылар келді. Тоспадоп бәсекесінің ашылу рәсіміне облыс әкімі қатысып, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.
Елеу Көшербаев саналы ғұмырын аймақтың әлеуметтік экономикалық және рухани дамуына арнаған тұлға. Атап айтсақ, түркі әлеміне ортақ тұлға Қорқыт ата мемориалдық кешенінің тұрғызылуына тікелей ықпал етті. Сыр сүлейі Тұрмағамбеттің кесенесін, Қазалы ауданындағы Жеңіс саябағын салуға атсалысты. Турнирдің ашылу рәсімінде сөз алған облыс әкімі Көшербаевтың ел үшін атқарған осы және өзге де көшелі істеріне тоқталды.
НҰРЛЫБЕК НӘЛІБАЕВ, ОБЛЫС ӘКІМІ \Қай кезеңде, қай салада болмасын ел мүддесін ойлап, халықтың әл ауқатын ойлап, табандылықпен еңбек етті. Елеу Көшербаев басшылық еткен аудандар бүгінге дейін жақсы істерімен, азаматтығын айтып отырады. .... \
Дені сау ұрпақ – ұлт болашағы. Сондықтан ел ертеңі саналатын жастардың денсаулығы мықты, рухы биік болуы тиіс. Жарысты өткізудегі мақсат осы. Қоғам қайраткері Айтбай Көшербаев турнирдің маңызына тоқталып, спортшыларға сәттілік тіледі.
АЙТБАЙ КӨШЕРБАЙ, ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ \Қазақстанның түкпір түкпірінен келген спортшылар арасында осы турнирге үздіксіз қатысып келе жатқандар бар...\
Айта кетейік, жасөспірімдер арасындағы тоспадоп бәсекесіне 25 команда, 350 ден астам спортшы қатысуда. Бәсі биік бәсеке төрт күнге созылады. Жарыс жеңімпаздары арнайы медальмен және естелік сыйлықтармен марапатталатын болады.