Бүгін – дүниежүзілік WIFI-сыз күн. Адамзаттың күннен-күнге технологияға қызығушылығы артқан сайын онсыз өмірімізді елестету қиын-ақ. Көпшілік Wi-Fi арқылы желіге қосылудың қарапайым, қолжетімді мүмкіндігін пайдаланады, бірақ оның ағзаға зияны туралы ойлана бермейді. Енді бір сәтке WiFi-сыз күнімізді елестетіп көрелік. Әріптесім Назира Алмас тақырыпты сабақтайды.
НАЗИРА АЛМАС – ТІЛШІ
Wi-Fi технологиясының негізін 1990-жылдары Австралиялық ғалымдар Джон О’Салливан және оның әріптестері ойлап тапты. Ал бұл технологияның әлем бойынша кең таралуына, Wi-Fi стандарттарын жасауға Вик Хейс үлкен үлес қосты. Сондықтан Wi-Fi-ды нақты бір адамның ойлап тапқан жоқ, бірнеше ғалымның ортақ еңбегінің нәтижесі деп айтуға болады. Кеңесіп пішкен тон, келте болмай бүгінде бүкіл әлемді қамтыған технологияға айналды
Расында, өміріміздің бір бөлшегіне айналған бұл технология бір сәт байланыстан жоғалса, қандай күйде болар едік? Еңкейген кәріден, еңбектеген балаға дейін етене таныс бұл қосымша – тек ақпарат алу көзі ғана емес, әлеммен байланыс құралына айналды. Офисте құжат жіберу, дәмханада жұмыс жасау, жолда келе жатып жаңалықтарды оқу, онлайн сабақтар – барлығы WiFi-дың арқасы. Бұл технологиясыз өміріміз қалай болар еді. Тұрғындардың пікірін тыңдап көрдік?
Бұрын қалай wifi-сыз өмір сүрдіңіздер?
Қиын болды. Қазір енді керемет wifi деген.
wifi енді жылдан-жылға көркейіп жақсы болып келе жатыр ғой. Технология дамып келе жатыр, бұрын wifi-сыз кезде байланыс аясы тар болды.
Білмейм, оны елестетіп көрген емеспін. Бірақ сондай болса, кәдімгідей өмір сүретін едім, өйткені менің хоббиларым көп.
Уайфай жоқ болса, кітап оқитын едік. Біз оны білім беруде мектепте мысалы, «kundelik.kz», «online mektep» сияқты, ол жоқ болса, бұрыңғыдай журнал болатын еді.
Жалпы Wi-Fi дегеніміз – бұл электромагниттік сигнал. Белгілі бір жиіліктегі радиотолқындар арқылы әртүрлі құрылғылардың өзара әрекеттесуін қамтамасыз ететін сымсыз технология. Айшылық алыс жерден, лезде хабар алғызып, жіпсіз-ақ өзіне байлап отырған заманауи технология жөнінде IT маманның пікірін тыңдап көрдік.
ЖАНАРЫС ТҮБЕКБАЕВ – «KYZYLORDA HUB» БИЗНЕС ИНКУБАТОРЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ
Қазіргі таңда, қазақстандықтар екі түрлі уайфай-ды қолданып жатыр, екі жиелікте жұмыс жасайды 2,4 және 5. Қазіргі провайдерлер үйде қолдануға сол екі жиелікті береді. Жалпы Wifi жұмыс барысында кеңінен қолданылады. Офистер, үй тұрмысында, қоғамдық орындарда ақпарат алмасуын береді. Тек телефон мен компьютер арқылы интернетке кіру құралы емес, басқада тұрмыстық заттардың арасында қолданылып жүрген байланыс құралы. Мәселен камералар, кофе машиналар, тоңазтқыштар wifi-мен жұмыс жасайд. «Internet of things» дейді адамның өмір тіршілігін оңтайландыруға арналған технология.
Жасыратыны жоқ, бүгінде адамзатты интернетсіз елестету қиын. Дей тұрғанмен, вайфайдан белгілі бір сәулеленудің тұрақты әсері болатындықтан оны шамадан тыс пайдалану зиян екенін естен шығармаған жөн. Атаулы күннің басты мақсаты да осы – онлайн ортаға қаншалықты тәуелді болсақ та, офлайн қарым-қатынастың қымбат екенін ұмытпайық!