Қала күні мерекесі Ғани Мұратбаев атындағы орталық стадионда қорытындыланды. Еліміздің эстрада жұлдыздарының қатысуымен өткен гала-концерт қызылордалықтарға керемет көңіл-күй сыйлады.

 Егін егіп, жерден несібесін жиған диқанның еңбегін көрсеткен сахналық қойылым, одан соң қолдарына шырақ ұстаған жеткіншектердің биі көпшілікке ерекше әсер сыйлады.

 Қызылорда күнін алтын күзде тойлау дәстүрге айналған. Ырысты-күрішті өлке егін науқанын аяқтап, мол өнімге кенелген шақта еңбек адамдарына құрмет көрсетіп, думандату жарасымды. "Қасиет қайнары - Қызылорда!" атты көпшілік шарада облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев барша қызылордалықтарды айтулы күнмен құттықтады.

 НҰРЛЫБЕК НӘЛІБАЕВ - ОБЛЫС ӘКІМІ «қала күні қарсаңында тұрғындар асыға күткен «жайлы мектеп», «оқушылар сарайы», теннис орталығы» ел игілігіне табысталды. Сол жағалаудағы 2-ықшам аудандағы 10 көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілді. Мемлекеттік қолдау мен ұлттық жобалар аясында соңғы 2 жылда облыс тұрғындары 4000-ға жуық пәтерге ие болып, 17 мыңнан астам тұрғынның баспана мәселесі шешімін тапты. +07:18- алдағы уақытта да бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын табады. +10:25- бұл өңірде атқарылып жатқан жұмыстардың бір бөлігі ғана. Алдағы уақытта елдің игілігі мен балаларымыздың болашағы үшін жасалатын жобаларымызды жалғастыратын боламыз. Құрметті жерлестер, халқымызда «мұраты бірдің - қанаты бір»,- деген қанатты сөз бар, сүікті Қызылордамыздың самаладай жарқырауына, гүлденуіне бірге атсалысайық. Сүйікті қаламыздың туған күні құтты болсын!»

 Қала күні мерекесінде аймақтың дамуына айрықша үлес қосып жүрген түрлі сала өкілдері «облыстың құрмет грамотасымен» марапатталады. Олардың ішінде білім саласының ардагерлері Қадыр Әмзеев пен Күләй Ермағамбетова және түрлі кәсіподақ ұйымдарын басқарған Сәрсенкүл Смайлова бар.

 ҚАДЫР ӘМЗЕЕВ – АРДАГЕР ҰСТАЗ «қаламыз іргесі өсіп, өркендеп, көркейіп келе жатыр. Сол үшін шын көңілімізбенен қуанамыз және мақтанамыз. Қаламыз қандай табыстарға жетіп, экономикалық тұрғыда дамып келе жатыр. Бәрі құтты болсын, қарғаларым. Барлығының да қуаныштары қуанықша ұласа берсін».

 Сондай-ақ салтанатты шарада шаһардың әлеуметтік-экономикалық дамуына және қоғамдық-саяси тынысына дем берген бірқатар азаматқа «Қызылорда қаласының құрметті азаматы» атағы берілді.

 ЖҮЗБАЙ ТАҢРЫҚБАЕВ - ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ «астық жинау мерекесі де қабат келіп жатыр. Екі той қатар келіп жатқанына қуаныштымыз. Мына Қызылорда қаласы күннен күнге өсіп-өркендеп келе жатыр. Үйлер, ғимраттар соғылып жатыр, көшелер мен көпірлер салынып жатыр. Бұл тұңғыш Астанамыз. Осы мерекеде мені «Қызылорда қаласының құрметті азаматы» марапаттап жатыр. Қызылорда күні баршаңызға құтты болсын, рақмет»!

 Ал, тұрғындар тағатсыздана күткен сәт - гала концерт. Қала күнінде эстрада жұлдыздары әннен шашу шашты.

 ҒАЛЫМЖАН КЕҢШІЛІК - ЖУРНАЛИСТ, ТЕЛЕЖҮРГІЗУШІ «Расымен де қала күні бала кезімізден үлкен мәртебеге ие. Сондықтан биыл мені қонақ қылып, жүргізуге, тізгіндеуге шақырып жатқандары үшін алғыс білдіремін. Туған қаламдағы, туған жерімдегі дәл осындай мерекеге атсалысып жатқаным үшін қуаныштымын. Қызылорда расымен де ең әдемі қалалардың бірі Қазақстандағы. Дами берсін, өсе берсін, өне берсін туған жерім Қызылордам!»

 Иә, бұл мерекелік кеш қызылордалықтардың жыл сайын асыға күтетін сәті. Мұны стадионға жиналған қызылордалықтардың көптігінен аңғаруға болады. 10 мыңнан астам адам әуезді ән тыңдап, би билеп бас шаһарға деген шынайы сүйіспеншілігін қошеметпен білдірді. Ал мерекелік гала-концерттің соңы отшашуға ұласты.