Президент Қасым-Жомарт Тоқаев үстел теннисінен Азия чемпионатының финалын тамашалады. Додада спортшылар жекелей және жұптық сындарда ойын көрсетті.

Астанада өткен біріншілікке 26 елдің 210 спортшысы қатысты. Олардың қатарында Олимпиада және әлем чемпиондары да бар. Финалдық сайыста Қытай құрамасы мен қытайлық Тайбэй құрамасы өзара мықтыны анықтады. Қазақстан ерлер командасы 7-ші, 8-ші орын үшін сайыста Иранды 3:1 есебімен жеңді. Ширек финалда Үндістанға жол берген болатын.