Аймақта монополияға қарсы органның келісімі алынбаған қызмет түрлерін жүзеге асыру фактілері анықталды. Бұл туралы облыс бойынша бәсекелестікті қорғау және дамыту департаментінің басшысы мәлімдеді.

Департамент 9 айдың қорытындысымен бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылықтар дерегі бойынша тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізген. Нәтижесінде екі бірдей жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің сауда-саттықтағы бағаларды көтеруге, конкурстардың қорытындыларын бұрмалауға, оның ішінде лоттар бойынша бөлу жолымен бәсекелестікке қарсы келісімдер жасағаны белгілі болды. Тергеп-тексеру нәтижесімен әкімшілік іс сотқа жолданып, серіктестіктің біріне 24 млн 246 мың 604 теңге мөлшерінде айыппұл салынып, толығымен өндірілген.

    Жалпы қаңтар-қыркүйек айларында 16 мемлекеттік кәсіпорын мен заңды тұлғалардың қызмет түрлеріне мониторинг жүргізіліп, монополияға қарсы органның келісімі алынбаған қызмет түрлерін жүзеге асыру фактілері анықталған.

ДАМИР ТОҚЖАНОВ – ОБЛЫС БОЙЫНША БӘСЕКЕЛЕСТІКТІ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ДАМЫТУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ

Осы деректер бойынша 2024 жылғы қаңтар-қыркүйек айларында 6 нұсқама шығарылды, оның 3-уі орындалды, 1 – уі орындалмады ("Қызылорда су жүйесі" МКК). Осыған байланысты, "Қызылорда су жүйесі" МКК-не қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалды. Департамент алаңында кәсіпкерлік субъектілерімен комплаенске қол қою бойынша кездесулер өткізу жұмыстары одан әрі жалғасын табатын болады.