Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 15,25%-ға көтерді. Бұған Қазақстандағы жылдық инфляцияның қазан айында 8,5%-ға дейін өсуі себеп болған.
Ал инфляцияға «Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасын іске асыру аясында реттелетін қызметтердің айтарлықтай қымбаттауы және теңгенің әлсіреуі әсер еткен. Алдағы бір жылда инфляция деңгейі 12,5% болады деп болжанады.
ТИМУР СҮЛЕЙМЕНОВ - ҚР ҰЛТТЫҚ БАНК ТӨРАҒАСЫ
Ішкі және сыртқы факторлардың әсерінен бағаның өсу қарқыны артты. Қазан айында жылдық инфляция ұзақ уақыт баяулағаннан кейін 8,5%-ға дейін қайта көтерілді. Қыркүйекте ол 8,3% болған еді. Инфляцияның көтерілуіне ақылы қызметтер бағасы да әсер етіп отыр. Қазан айында бағаның бір айдағы өсу қарқыны 0,9%-ға жетті. Бұл экономикадағы проинфляциялық қысымды және инфляциялық үрдістердің тұрақсыздығын білдіреді.