#qyzylordatv

Өңірде соңғы жылдары құқық қорғау органдарының материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында бюджеттен қомақты қаржы бөлінуде. Мәселен, сәуір айында тәртіп сақшыларына су жаңа 100 қызметтік автокөліктің кілті табысталса, бүгін Полиция күніне орай тағы да 94 көлік берілді.

 Жалағаш аудандық полиция бөлімі патрульдік полиция қызметкері Жасұлан Айтбай алғашқылардың бірі болып жаңа автокөліктің кілтін алды. Жол қауіпсіздігін қамтамасыз етіп жүрген тәртіп сақшысы материалдық-техникалық базаның жаңаруы біздің жұмысымызды жеңілдетеді әрі үлкен жауапкершілік жүктейді,-дейді.

 Жаңа көліктер тергеу, анықтау, жедел-криминалистикалық, табиғатты қорғау, көші-қон және өзге де полиция қызметтерінің жұмысын жетілдіруге мүмкіндік береді. Себебі, темір тұлпарлар сенімді байланыс құралдарымен, бейнетіркеу жүйелерімен, бағыттау құрылғыларымен, арнайы жарық және дыбыс сигналдарымен жабдықталған.

 Салтанатты шараға қатысқан облыс әкімі полиция қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады. Сондай-ақ құқық қорғау органдарының материалдық-техникалық базасын нығайту бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.

 Жаңа қызметтік көліктердің табысталуы – бұл материалдық қолдау ғана емес, тәртіп сақшыларына деген сенім мен құрметтің белгісі.