#qyzylordatv
Әсте оңай емес қызмет тұтқасын ұстағандардың бүгін кәсіби мерекесі. 23 маусым - мемлекеттік қызметші күніне арналған салтанатты жиында адал еңбек, жоғары кәсіби біліктілік көрсете білген бір топ қызметкер марапат төрінен көрінді.
Шыны керек, мемлекеттік қызметші болу әсте оңай емес. Қатаң регламент, иерархиялық тәртіп, жоғары талап, еркіндікке де шектеу бар, бұқараның алдында да «анау болмайды, мынау болмайды» деген тыйым және бар. Иә, стресс көп, шектеу көп, тапсырма көп, жауапкершілік жоғары, талап қатаң. Жұмыс күні көбіне бекітілген уақыттан да ұзақ. Оған қоса, олар бос уақытында да Әдеп кодексін қатаң ұстауы міндетті. Сондықтан мемлекеттік қызметке келемін деген адам, ең алдымен, мемлекеттік қызметші болу аса үлкен жауапкершілік екенін сезінуі тиіс.
Иә, мемлекеттік қызметші халықтың әл-ауқатының артуына мүдделі, мұң-мұқтажын тыңдауға бейіл, бұқара мен билік ара¬сын байланыстырушы буын. Осы байланысты ор¬на¬туда кәсібилікпен қатар адамгершілік қасиеті ауадай қажет. Облыстағы әрбір оқиғаны назарда ұстап, БАҚ пен билік арасында дәнекер болып, мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асыруға қосқан үлесі үшін облыс әкімінің баспасөз хатшысы Салтанат Шаханова ҚР Премьер-министрінің Алғыс хатымен марапатталды
Бүгінде облыста 3300-ден астам мемлекеттік қызметші бар, оның 800-ге жуығы жас мамандар. Салтанатты іс шарада көшбасшылық қасиетке ие, жұмысы нәтижелі бір топ қызметкер салалық агенттіктің «Үздік мемлекеттік қызметші» төсбелгісімен, Қызылорда облысының Құрмет грамотасымен, «Қызылорда облысының дамуына қосқан үлесі үшін» медалімен және облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.
Сонымен қатар, мемлекеттік қызметке алғаш келгендер салтанатты түрде ант берді.