#qyzylordatv
Биыл еңбек ардагері Мәшбек Нәлібаевтың туғанына 100 жыл. Жаңақорған ауданында атаулы датаға орай «Еңбекпен биіктеген тұлға» атты тағылымды шара өтті. Жиынға қоғам қайраткерлері мен зиялы қауым өкілдері қатысып, елге еңбегі сіңген тұлғаның өнегелі өмір жолынан сыр шертті.
Мәшбек Сапарбайұлы саналы ғұмырын ауыл шаруашылығы саласына арнаған, өңірдің өркендеуіне елеулі үлес қосқан нағыз еңбек адамы. Қырық жылға жуық күріш бригадасын басқарып, ырзық несібесін жерден жинады. Бел жазбай еңбек етіп, көпке үлгі болды. Тағылымды шараға қатысқан аудан әкімі Мәшбек Нәлібаевтың өмірі мен еңбек жолына тоқталып, өткенге шегініс жасады.
МАЖИТ САМИТОВ, АУДАН ӘКІМІ
Қазақ халқы қашанда елге еңбек сіңірген азаматтарын төрінен оздырған халық себебі елдің шынайы байлығы ел үшін аянбай еңбек еткен азаматтарында солардың қатарында Машбек Сапарбайұлының орны ерекше екені сөзсіз. Туған ауылдың атын арқалап отырған Машбек ақсақал бақытын еңбектен тапқан, ауыл аймағына сый артқан ардақты азамат болатын елін сүйген ерді елді сүйетіні белгілі ауданымыздағы егіншілікпен, мал шаруашылығының өркендеуіне сүбелі үлес қосып қарапайымдылығымен, еңбекқорлығының арқасында халықтың құрметіне бөленді. Осындай сындарлы кезеңдерде табандылық танытып еңбек майданында ерең үлгі көрсеткен азаматтардың арқасында бүгінгі ұрпақ бейбіт өмір сүріп тәуелсіз елдің игілігін көріп отыр.
Еңбек майданында тер төккен атпал азаматтың есімі мәңгілік ел есінде. Жиынға қоғам қайраткерлері мен зиялы қауым өкілдері де қатысып, Сапарбайұлының ел дамуына қосқан үлесі туралы сөз етті.
НӘЖМАДИН МҰСАБАЕВ, ЕҢБЕК АРДАГЕРІ
Жаңақорған талай тұлғаларды берген ел. Оның ішінде бір семьядан Қызылорда облысын басқарған екі перзентінің облыс басшысы болуы кез келген азаматтың бойына бере бермейтін бақыт. Сондықтан Машбек бүкіл Қызылорда облысын қастерлейтін, қадірлейтін ақсақал. Машбек ақсақалдың рухы Қызылорда облысын, өзінің туған жерін желеп-жебеп жүрсін.
ЛӘЗЗӘТ НӘЛІБАЕВА, М.НӘЛІБАЕВТЫҢ ҚЫЗЫ
Әкеміз бізге үнемі адалдықты ту етті, адамды құрметтеуді, елін-жерін сүюді үйретті. Соның нәтижесі болар бауырларымыздың елге адал қызмет жасап, елдің нық сенімінен шығып батасын алып жүргендігі осы әкеміздің үлкен қамқорлығы, үлкен өнегесі деп білемін. Қазақта жақсы сөз бар ғой, Абайдың шыққан биігі – Құнанбайдың иығы деп барлық біздің тәлім-тәрбиеміз өнегемізге берген өнегесіне әкемізге мың алғыс айтамыз.
Еңбегімен ер атанған Нәлібаевтың өнегелі өмір жолы мен еңбегі жадында мәңгі сақталады.