#qyzylordatv #заңментәртіп

Бүгін елімізде полиция күні. Қоғамдық тәртіп пен тұрғындардың қауіпсіздігін қадағалау – сала мамандарының басты міндеті. Кәсіби мереке қарсаңында тілшіміз патрульдік полиция батальоны командирінің орынбасары Ержан Шамаховтың жұмысымен танысты.

Қауіпсіздік – қоғамның басты құндылығы. Ал осы тыныштық пен тәртіптің сақталуы үшін патрульдік полиция қызметкерлері күн-түн демей еңбек етеді.

ЕРЖАН ШАМАХОВ – ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ БАТАЛЬОНЫ КОМАНДИРІНІҢ ЖЕКЕ ҚҰРАММЕН ЖҰМЫС ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ

Құрметті әріптестер, бүгінгі кезекшілікке түсу уақыты бесінші-алтыншы күндерге байланысты біздің жұмыс уақытымыз өзгереді. Халықтың демалысқа шығуына байланысты екі күнге 12 сағаттық қызметке ауысамыз. Қызмет барысында өздеріңіз білесіздер азаматтар сыпайы қарым қатынаста болу, ІІМ 971 бұйрығына сәйкес азаматтармен құқықбұзушылық орын алған кезде ...

 Тәртіп пен жауапкершілік, батылдық пен қырағылық. Патрульдік полиция қызметкерлерінің саптық жиынына қатыссаңыз, қызметкерлерден осы қасиеттерді байқайсыз. Өйткені мұнда енжарлық пен осалдыққа орын жоқ. Иә, олар – қиындықтан қашпайтын, уақытпен санаспайтын мамандық иелері. Саптық жиыннан кейін әр бекет өзіне бекітілген аумаққа аттанды.

 ЕРЖАН ШАМАХОВ – ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ БАТАЛЬОНЫ КОМАНДИРІНІҢ ЖЕКЕ ҚҰРАММЕН ЖҰМЫС ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ

 Жол патрульдік полицияның негізгі міндеті ол қоғамдық орындарда қауіпсіздікті қамтамасыз ету, көшелерде қоғамдық орындарда қылмыстық оқиғаларды болдырмау, жол-көлік оқиғаларының алдын алу, жол қозғалысын бақылау. Әр бекетіміз саптық жиыннан кейін тапсырма алып, өздерінің аймақтарына шықты. 102 арнасынан түскен шақыртуға барып, оқиғаның мән жайын анықтап, заңды шешімін қабылдау...

Патрульдік полиция қызметкерлерінің қызметі аса жауапты. Бүгінде Қызылорда қаласы бойынша 200-ден астам патрульдік полиция қызметкері 15 аумаққа бөлініп, қоғамдық тәртіп пен тұрғындардың қауіпсіздігін сақтау мақсатында еңбек етіп, жол-көлік оқиғаларының алдын алу, болдырмау жұмысын атқарып, түсіндірме жұмысын жүргізеді.

ЕРЖАН ШАМАХОВ – ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ БАТАЛЬОНЫ КОМАНДИРІНІҢ ЖЕКЕ ҚҰРАММЕН ЖҰМЫС ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ Жалпы ішкі істер органдарында 2006 жылдан бері қызмет етіп келемін. 20 жылдан бері патрульдік полиция батальонында қызмет атқарып келемін. Полицияның жұмысы адамды шыншылдыққа, әділдікке, төзімділікке, мейірмділікке, адамгершілікке тәрбиелейді. Сырт көзге оңай көрінгенмен, ішіндегі патрульдік полицияның жұмысы өздеріңіз көргендей азаннан бастап, саптық жиынға қатысып, демалыс күндері күшейтілген режимге көшеді. Себебі бесінші, демалыс күндері халық демалыс күндеріне шығады. Біздің қызметкерлер күннің ыстығына қыста суыққа жаңбыр, ауа райының күрт өзгеруіне қарамастан қызметтерін атқарады.

 Қоғам тыныштығы мен тұрғындардың қауіпсіздігі – патрульдік полиция қызметкерлерінің күнделікті жұмысының нәтижесі. Заң мен тәртіпті сақтауға бағытталған олардың еңбегі әрдайым құрметке лайық.