#qyzylordatv #заңментәртіп

Қазақстан полициясы күніне орай облыстық қылмыстық атқару жүйесі департаментінің қызметкерлері II дәрежелі «Айбын» орденінің иегері Ғанибек Отарбаевтың шаңырағына барып, мерекемен құттықтады.

Ғанибек Сырмағанбетұлы қызмет жолын 1980 жылы қалалық ішкі істер бөлімінде бастаған. Әр жылдары эксперт - криминалист, тергеуші болып қызмет атқарды, тергеу басқармасының басшысы болды. 2010-2018 жылдар аралығында облыс бойынша қылмыстық- атқару жүйесі департаментін басқарды. Бас бостандығынан айырылғандардың түзелуін ұйымдастыру және пробация қызметінде есепте тұратын азаматтарды әлеуметтік оңалту саласында жауапты міндеттерді атқарды. Ғанибек Отарбаев құқық қорғау саласындағы елеулі еңбегі үшін I, II, III дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» медальдарымен және II дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталды. Сала ардагері мерекемен құттықтап келген әріптестеріне ризашылығын білдіріп, алғаусыз алғысын айтты.