#qyzylordatv
Қала әкімінің орынбасары тағайындалды. Енді бұл қызметті Тұрабаев Еркін Ермағанбетұлы атқарады. Кадрлық өзгеріске байланысты өткен актив отырысында шаһар басшысы жаңа орынбасарын көпшілікке таныстырып, алдағы жұмысына сәттілік тіледі.
Еркін Ермағанбетұлы еңбек жолын 2008 жылы облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының жетекші маманы ретінде бастаған. Әр жылдары облыс әкімі бірінші орынбасарының көмекшісі, облыс әкімінің көмекшісі, қала әкімі аппаратының басшысы, облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары, облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесі Өңірлік даму бөлімінің бас инспекторы қызметтерін атқарған. Ал, 2023 жылдан бастап Қызылорда облыстық сайлау комиссиясының мүшесі болып абыройлы еңбек етті. Қала әкімінің орынбасары лауазымна тағайындалған Еркін Тұрабаев кәсіпкерлік және өнеркәсіп, қоғамдық даму, мәдениет және тілдерді дамыту, дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімдеріне жетекшілік жасайтын болады.