#qyzylordatv #заңментәртіп 

Облыстық бала құқықтарын қорғау басқармасы полиция қызметкерлерімен бірге рейдке шықты. Мақсат - кәмелетке толмаған жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, құқық бұзушылықтың алдын алу. 


Арнайы топ рейд барысында қала аумағы мен шет аймақтарда орналасқан ойын-сауық нысандарына, қоғамдық орындарға барып, бақылау жұмыстарын жүргізді. Мектеп бітіруші түлектердің ата-аналарымен кездесіп, бала тәрбиесі мен қауіпсіздігіне қатысты қолданыстағы заңнама талаптары түсіндірілді. Айта кету керек, кәмелетке толмағандардың сағат түнгі 23:00-ден таңғы 06:00-ге дейін тұрғынжайдан тыс жерде жүруі заңнамаға сәйкес жауапкершілікке әкеп соғады.


 ЕРЛАН БӘКІРОВ, ОБЛЫСТЫҚ БАЛА ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ 

Негізгі мақсат балалардың құқықтарын қорғау, балалардың қатысуымен және балаға қарсы орын алатын қылмыстардың алдын алу, түсіндірме жұмыстарын жүргізу болып табылады. Рейдке елуден астам қызметкер қатысуда...