#qyzylordatv
«Сыр айбындары» командасы «Айбын-2026» әскери-патриоттық жиынына аттанды. Халықаралық шарада аймақ намысын қорғайтын қыз-жігіттерді салтанатты түрде шығарып салу рәсімі ұйымдастырылды.
Халықаралық «Айбын-2026» әскери-патриоттық жиыны биыл Ақмола облысында өтеді. Жастардың бойына отансүйгіштік қасиет қалыптастырып, елжанды ұрпақ тәрбиелеуге, Қазақстан Қарулы күштерінің беделін арттыруға бағытталған шара осымен 12 жыл қатарынан ұйымдастырылмақ. Дәстүрлі доданың облыстың кезеңіне 120 жас сарбаз қатысып, бірнеше сайыс түрінен сынға түскен болатын. Жоғары нәтижеге қол жеткізіп, үздік атанғандары республикалық кезеңге жолдама алады. Салтанатты шараға облыстық қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Дәурен Тілеумбетов пен облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары Ербол Өткелбаев қатысып, жас сарбаздарға сәттілік тіледі. Айта кетейік, «Айбын-2025» жиынында облыстың намысын қорғаған қыз-жігіттер 50 команданың арасынан үздік нәтиже көрсетіп, жалпы есепте төртінші орын иеленген болатын.
ЕРБОЛ ӨТКЕЛБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ҚОРҒАНЫС ІСТЕРІ ЖӨНІНДЕГІ ДЕПАРТАМЕНТ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Халықаралық жиынға 6 шет мемлекеттен әскери-патриоттық клубтар қатысады. Жиында 12-14 турдан тұратын жарыс болады.....