#qyzylordatv
Қазақстанда 464 мыңға жуық азамат құмар ойындарына қатысудан өз еркімен шектеу қойған. Премьер-министр Олжас Бектеновтің мәліметінше, 2026 жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша eGov.kz арқылы 463 829 өтініш түскен.
Бұл қызмет 2024 жылдың наурыз айында іске қосылған. Азаматтар өздерін құмар ойындар мен бәс тігулерден белгілі бір мерзімге шектей алады. Сонымен қатар, елде құмар ойындарын реттеу шаралары күшейтілді: заңсыз интернет-казинолар бұғатталып, букмекерлік кеңселер мен тотализаторлардың жарнамасына шектеу қойылды. Мамандардың айтуынша, мұндай қадам ойынға тәуелділіктің алдын алуға бағытталған.