#qyzylordatv
Елге адал қызмет ету – әрбір мемлекеттік қызметшінің басты міндеті. Үлкен жауапкершілікті арқалап жүрген мемлекеттік қызметшілердің кәсіби мерекесіне орай Шиеліде салтанатты жиын болды. Жемісті еңбек етіп жүрген үздік қызметкерлер марапатталды.
Қазір мемлекеттік қызмет жүйесінде кәсібилік пен ашықтықты арттыруға, басқару тетіктерін жетілдіруге бағытталған ауқымды реформалар мен жобалар жүзеге асырылып жатыр. Сонымен қатар цифрландыру үдерісі жедел қарқын алып, кадрларды даярлау, олардың біліктілігін арттыру және жас мамандарды мемлекеттік қызметке тарту мәселелеріне ерекше назар аударылған.
АЙТБАЙ ЖАНДАРБЕКОВ – АУДАН ӘКІМІ
Мемлекеттік қызмет - халықтың сенімін ақтауға бағытталған жауапты әрі мәртебелі міндет. Қоғамның тұрақты дамуы мен ел игілігі жолында еңбек етіп жүрген мемлекеттік қызметшілердің кәсібилігі, адалдығы мен жауапкершілігі мемлекетіміздің өркендеуіне зор үлес қосуда.
Мемлекеттік қызметшіге көшбасшылық, іскерлік қасиет тән. Осынау сенім үдесінен шығып жүргендердің бірі - Ақтоған ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Гүлбарам Жүзбаева. Ол «Мемлекеттік қызметтің дамуына қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен марапатталды.
ГҮЛБАРАМ ЖҮЗБАЕВА - АҚТОҒАН АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІ АППАРАТЫНЫҢ БАС МАМАНЫ
Біз мемлекеттік қызметшілер халықпен биліктің арасындағы алтын көпір болып табылатындықтан қолымыздағы бар-күш жігерімізді халыққа қызмет етуге арнаймыз. Халықтың әл-аухатын арттыру жолында осы заңдық сүймелдеу бақытында әлі де жұмыстар жүргізе береміз. Шілдеден бастап мемлекеттік қызмет туралы жаңа Заң қабылданады. Сол заңның аясында көптеген әлеуметтік жағдай болсын, көптеген жеңілдіктер қарастырылған. Мемлекеттік қызмет бір сөзбен айтқанда даму үстінде.
Расында, бүгінде мемлекеттік қызметшілерге қолдау көп. Мәселен, мемлекеттік грант арқылы жоғары оқу орнын үздік бітірген түлектер төменгі лауазымға конкурстық іріктеусіз тікелей тағайындалады. Бұл жаңашылдық бойынша ауданда екі жас маман мемлекеттік конкурссыз негізде қабылданып, өздерінің кәсіби қызметтерін абыроймен атқаруда. Соның бірі ¬- Гүжазира Қайратбекқызы. Жас маман салтанатты шарада «Үздік сапалы қызмет көрсетуші» номинациясымен марапатталды.
ГҮЛЖАЗИРА ҚҰЛАХМЕТ – КЕНТ ӘКІМІ АППАРАТЫНЫҢ БАС МАМАНЫ
Қазіргі таңда мелмекетіміздің жастарға деген қолдауының арқасында университет бітіргеннен кейін біз ешқандай есік жағаламай, бірден жұмысқа орналасудамыз. Осы салада жұмыс жасап жатқаныма жылға жуықтады. Мен жер үлестірумен айналысамын. Кент тұрғындарына жер берумен, қандай да бір арыз шағымдарымен айналысамыз. Бұл марапат мен үшін үлкен бастама болып табылады. Алдағы жұмысыма баспалдақ деп айтсам да болады.
Мерекелік шара соңы мемлекеттік қызметшілердің гимімен түйінделді.