#qyzylordatv #заңментәртіп

Ұзақ жылдар ішкі істер саласында абыройлы еңбек етіп, құрметке бөленген полиция полковнигі Серікбол Тұңғышбаев туралы кітап жарыққа шықты. Полиция күні мерекесі қарсаңында «Сырдың саңлақ Серікболы» атты естеліктер жинағының тұсауы кесілді.

 Серікбол Тұңғышбаев саналы ғұмырын елдің тыныштығы мен қоғамдық қауіпсіздікті сақтауға арнаған азамат. Оның өнегелі өмірі өскелең ұрпаққа үлгі. Әріптестері Серікбол Қуатбайұлын «адалдықты ту еткен, жауапкершілік жүгін арқалаған, қиындықтан тайсалмаған нағыз қайсар тұлға еді»,- деп еске алады. Алғаш еңбек жолын қалалық ішкі істер бөлімінде ке¬зек¬ші милиционер болып бастаған ол адал еңбегінің арқасында облыстық ішкі істер басқармасы бастығының орын-басары қызметіне дейін сатылап көтерілді. «Сырдың саңлақ Серікболы» атты кітапта тәртіп сақшысының өмірі мен қызмет жолы әріптестері мен замандастарының естеліктері жазылған.

 ГҮЛНАР ТҰҢҒЫШБАЕВА, ЖҰБАЙЫ

Жолдасым бүкіл саналы ғұмырын полиция қызметіне арнады, тіпті өмірінің соңғы күндеріне дейін қызметтің бел ортасында болды десем болады. Ол өз ісінің нағыз кәсіби маманы, қамқор әке, адал жар және сенімді дос еді. Қызмет барысында көптеген марапаттарға ие болды. Біз ұзақ жылдар бойы сыйластық пен сүйіспеншілікте өмір сүріп, үш ұл тәрбиелеп өсірдік.....