#live #дария #қыс #тікелейқосылым #тікелейэфир #жаңалықтар #нақтыақпарат #qyzylordatv

Биыл еліміздегі су қоймаларында 75 млрд. текше метрден астам су жиналды. Бұл рекордтық көрсеткіш дейді,-мамандар. Нәтижесінде Сырдария деңгейі көтеріліп, диқандар вегетациялық кезеңде тіршілік нәрінен тапшылық көрген жоқ. Солтүстік Арал теңізіне 2,5 миллиард текше метр су құйылды. Қамтыстыбас, Ақшатау көлдер жүйесі суландырылды.

    Ал, дарияның қазіргі жағдайы қалай? Облыс аумағында мұз толықтай ұстасты ма? Дария бойындағы қауіпті учаскелер қаншалықты бақылауда? Бұл туралы әріптесіміз Әкімжан Жолтаев студиямен тікелей байланысқа шығып, мамандардан сұрап көрді.