Қала әкімінің орынбасары Пакуатдин Шамұратовтың төрағалығымен жиын өтті. Онда қаланы дамытудың бас жоспары талқыланды.
Қызылорда қаласының бас жоспарын қолдану мерзімі келер жылы аяқталады. Сондықтан оның жаңа нұсқасын әзірлеу үшін қалалық бюджеттен қаржы бөлінген. Арнайы конкурс жарияланып, қаланың сәулетіне енгізілетін өзгерістерді «Казгипроград» 1 жобалау институты жүргізетін болды.
Аталған жобалаушы мекеме өкілдері бұған дейін ақпараттарды жинап, топографиялық түсірілім жасаған. Сол бойынша қала іргесіндегі ауылдық округтер мен сол жағалауды дамытудың екі нұсқасын ұсынып отыр. Жиында сәулетшілер, қоғамдық кеңес мүшелері,мәслихат депутаттары, сондай-ақ, қоғам белсенділері тұжырымдамаға ұсыныстарын білдіріп, пікірлер тыңдалды.
Айта кетейік, келісім-шарт бойынша жобалаушы мекеме бірінші кезеңде атқарылуы тиіс жұмыстарды жыл соңына дейін аяқтауы тиіс.