Елімізде келер жылдың бірінші қаңтарынан бастап ең төменгі жалақы мөлшері – 85 мың теңге, ал айлықтық есептік көрсеткіш мөлшері 3932 теңге болады. Сондай-ақ, еңбек сіңірген жылдары үшін және жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің мөлшері 8,5 пайызға артпақ.
Нақтырақ айтсақ, республикалық бюджет туралы заңға сәйкес, 1-ші қаңтардан бастап мынадай өзгерістер орын алады:
САЛТАНАТ ДҮЙСЕНБАЙ – ОБЛЫС БОЙЫНША ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ РЕТТЕУ ЖӘНЕ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІ БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ
Бұл жерде нақтылап, айта кететін нәрсе ең төменгі зейнетақының мөлшері ҚР Әлеуметтік кодексінің 210 бабының 4-ші тармағына сәйкес, ер кісілерге 1-ші қаңтар 98-ші жылға дейін кемінде 25 жыл еңбек өтілі болған кезде, әйелдерге кемінде 20 жыл еңбек өтілі болған жағдайда ғана тағайындалады.
Жаңа жылдан бастап еңбек сіңірген жылдары үшін және жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің мөлшері 8,5 пайызға артады. Сонымен қатар, жасына байланысты жаңадан тағайындалатын зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеу үшін ескерілетін ең жоғары табыс мөлшері 203 мың 60 теңгеден 216 мың 260 теңгеге көбейтіледі. Мұнан бөлек, еңбек ету қабілетінен және асыраушысынан айырылуы жағдайы бойынша әлеуметтік төлемдердің мөлшері де артпақ. Сондай-ақ, мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған күтушінің де жәрдемақысы ұлғаяды.
САЛТАНАТ ДҮЙСЕНБАЙ – ОБЛЫС БОЙЫНША ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ РЕТТЕУ ЖӘНЕ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІ БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ
Мүгедек баланы тәрбиелеп отырған анаға, әкеге, асырап алушыға, қорғаншыға, қамқоршыға немесе бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға күтім жасаған адамға берілетін мемлекеттік жәрдамақының мөлшері де 77 мың 428 теңгені құрайтын болады.
Тағы бір айта кететін жәйт. Қаңтардан бастап айлық есептік көрсеткіштің ұлғаюына байланысты мемлекеттен берілетін жәрдемақылардың төлемдері көбеймек.
САЛТАНАТ ДҮЙСЕНБАЙ – ОБЛЫС БОЙЫНША ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ РЕТТЕУ ЖӘНЕ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІ БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ
Бала тууына байланысты біржолғы берілетін мемлекеттік жәрдемақы және ай сайынғы бала бір жарым жасқа толғанға дейінгі оның күтіміне байланысты берілетін мемлекеттік жәрдемақы. Бала тууына байланысты 1,2 және 3 бала туғанда берілетін әлеуметтік мемлекеттік жәрдемақылар 38 АЕК, яғни 1-ші қаңтар 24 жылы 140 мың 296 теңге болса, 1-ші қаңтар 25 жылдан бастап 149 мың 416 теңгеге немесе 9120 теңгеге көбейеді. Ал, 4 және оданда көп бала туғандар үшін 63 АЕК, яғни, 24 жылы 232 мың 596 тг болса, келер жылдан бастап 247 мың 716 тг ұлғайды немесе 15 мың 120 теңгеге артады деген сөз. Бір жарым жасқа дейінгі баланың күтіміне байланысты берілетін жәрдемақының мөлшері 1-ші балаға 22мың 649 тг, екінші балаға 26 мың 777 тг, үшінші балаға 30 мың 867 тг, 4 және оданда көп туылған балаға 34 мың 995 тг құрайды.
1-ші қаңтардан бастап мүгедектігі бар азаматтарға төленетін жәрдемақы мөлшері де ұлғайтылады. Мәселен:
Жаңа жылдан бастап «Күміс алқамен» марапатталған аналардың ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақысының мөлшері 25 мың 165 теңгені, «Алтын алқамен» марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көп балалы аналарға ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақының мөлшері 29 мың 97 теңгені құрамақ.